Криштиану Роналду: «Мансабымды 41 жасымда «Реалда» аяқтағым келеді»

Мадридтік «Реал» мен Португалия құрамасының көшбасшысы Криштиану Роналду алдағы жоспарларымен бөлісті.

«Реалмен» келісім-шартты ұзартуды көздеп жүрмін. Мен әлемдегі ең үздік клубтың намысын қорғаймын, сондықтан мансабымды осы жерде 41 жасымда аяқтағым келеді. Әрине, бұрынғыдай ойын деңгейін түсірмей, нәтижелі пастар беріп, гол соғу секілді міндеттерден бас тартқан жоқпын. Испания чемпионаты мен ел Кубогын жеңіп алғымыз келеді. Сонымен қатар, Чемпиондар лигасында топ жаруды да көздейміз. Ал Португалия құрамасымен бірге әлем чемпионатының іріктеу кезеңінен сүрінбей өтсек деймін», - дейді Еуропаның үздік ойыншысы.

«Биылғы жыл мен үшін ұмтылмас сәттермен есте қалды. Еуропаның үздік ойыншысына берілетін сыйлық маусымның сәтті басталатынын аңғартып тұрған секілді. «Реалдағы» және ұлттық құрамадағы әріптестеріме қолдау көрсеткендері үшін алғыс білдіремін», - деді Криштиану Роналду.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или