«Астана» ойыншыларының құны бойынша өз тобында үшінші орында тұр

«Астана» өз тобындағы командалар арасында ойыншылардың құны бойынша үшінші орынға жайғасты.

Transfermarkt сайтының ақпараты бойынша, топтағы ең қымбат құрамға «Олимпиакос» иелік етеді. Грецилық команданың футболшылары 76,48 миллион евро тұрады. Ал, ең қымбат ойыншы грециялық Костас Фортунис, оның құны - 10 млн евро.

Екінші орынға «Янг Бойз» орналасты. Футболшыларының жалпы құны 38 млн евроға бағаланып отыр. Құрамындағы ең қымбат ойыншы 19 жастағы Денис Закариа 4 млн евро тұрады.

Үшінші орын «Астанаға» бұйырды. Елордалық клубтың футболшылары 15,80 млн евро тұрады. Құрамындағы ең қымбат ойыншы – Неманья Максимович. Сербиялық футболшы 2 млн евро тұрады.

Төртінші орында АПОЭЛ қалды. Жалпы құрамы 14,88 млн евро тұрады. Кипрлық клубтың сабындағы ең қымбат ойыншы – Ренан Брессан. Ол 2 млн евро тұрады. Айта кету керек, 2014 жылы Брессан «Астана» сабында доп тепкен болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или