Саян Хамитжанов: «Астана» Еуропа лигасының 1/16 финалына шыға алады»

«Астана» футбол клубының бұрынғы президенті Саят Хамитжанов УЕФА Еуропа лигасы топтық кезеңнің жеребесі жайлы өз пікірін айтты.

- Тобымызда фаворит команда жоқ, бәрінің деңгейлері бірдей. Ең қызығы, «Олимпиакос», «Янг Бойз» бен АПОЭЛ де Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде бақ сынады. Былтыр АПОЭЛ-ді жеңген болатынбыз, енді олар бізден есе қайтарғысы келетіні анық. Барша жанкүйерлерімізді «Астана-Арена» стадионында күтеміз!

- Команда алдына Еуропа лигасының топтық кезеңіне қандай мақсат қойылды?

- «Астана» өз тобында екінші орын алып, Еуропа лигасының 1/16 финалына шыға алады. Команда бар күшін салып, ел намысын абыроймен қорғайтынына сенімдімін. Максималды нәтиже көрсетуге тырысамыз, - деді Саян Хамитжанов елордалық клубтың ресми сайтына.

Естеріңізге сала кетсек, «Астана» Еуропа лигасының топтық кезеңінде «Олимпиакос» (Грекия), «АПОЭЛ (Кипр) және «Янг Бойз» (Швейцария) командаларымен кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или