Талғат Байсұфинов: «Польша құрамасын құрметтейміз, бірақ біз ешкімнен қорықпаймыз»

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Талғат Байсұфинов «Футбол жолы» бағдарламасында Қырғызстан мен Польшаға қарсы кездесуге дайындығы жайлы айтып берді.

- Талғат Маруанұлы, өзіңіз қалаған футболшылардың бәрін шақырдыңыз ба ұлттық құрамаға?

- Қазіргі таңда, Ұлан Қонысбаев қана жоқ. Мен қалаған футболшылардың бәрі ұлттық құрамада. Алда ел чемпионатының ойындары бар, сонда ешкім жарақат алмаса ғой деген тілегім бар. Энгель жайлы айтатын болсақ, оның қазір құжаттарымен проблемасы бар.

- Қырғызстанға қарсы ойында команда алдына қандай мақсат қоясыз?

- Ұлттық құраманың әр ойыны өте маңызды. Қырғызстанға қарсы кездесуде жеті ойыншыны алмастыра аламын. Яғни жолдастық матч болған соң, ойыншыларыма тәжірибе жинауға мүмкіндік беремін.

- Қырғызстанмен өтетін ойын маңызды, бірақ бар ойыңыз Польшаға қарсы ресми матчта шығар?

- Біз үшін әр ойында жеңіске жету маңызды. 4-ші қыркүйек күні ӘЧ-2018 іріктеу кезеңнің бірінші матчын өткіземіз. Польшаны зерттеудеміз, бірақ алдымен бізді 30-шы тамыз күні Қырғызстанға қарсы кездесу күтіп тұр. Сондықтан қазір бар ойым осы командада.

- Польша сынды мықты командаға қарсы қалай ойнамақсыз?

- Еуропа чемпионатында Польшаның мықты команда екеніне көземіз жетті. Соған қарамастан, біздің жігіттер бар күшін салады. Қарсыласымызды зерттедік. Польша құрамасын құрметтейміз, біраз біз ешкімнен қорықпаймыз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или