Станимир Стойлов: «Бізге босаңсуға болмайды, БАТЭ әлі де фаворит»

«Астананың» бас бапкері Станимир Стойлов БАТЭ-ге қарсы қарымта матч алдында журналистердің сұрақтарына жауап берді.

- Бізде өте ауыр кездесу күтіп тұр. Қорғаныста мұқият ойнап, шабуылда гол соғуға тырысамыз. Менің командам бұл ойында бар күшін салады деген ойдамын. Бірінші кездесуде 2:0 есебімен жеңіске жеттік, бірақ бізге босаңсуға болмайды.

- Бүгін «Астана» бес қорғаушымен ойнайды ма?

- Бүгін Шомко мен Шитов жасыл алаңға оралады.

- Бірінші матчтан кейін БАТЭ жайлы пікіріңіз өзгерді ме?

- БАТЭ тәжірибелі ұжым және әлі де бұл кездесудің фавориті. Біз беларусьтік клубты құрметтейміз, бірақ қорықпаймыз.

- Глеб мен Веремконың қарымта ойынға қатыспауы «Астананың» келесі кезеңге шығу мүмкіндігін жоғарлатады ма?

- Мұндай ойыншылардың алаңға шықпауы өкінішті. Бірақ бірінші ойында біздің капитанымыз бен екі негізгі қорғаушымыз қатыспады.

- Нөсербаев жақында ғана жалпы топқа оралды. БАТЭ-ге қарсы негізгі құрамда шығуы мүмкін бе?

- Жоқ, ол ойынды қосалқы құрамда бастайды. Сондай-ақ, Эричтің кішігірім жарақаты бар. Соңғы кездесуде жарақат алған болатын.

- Игорь Шитов жайлы не айта аласыз?

- Ол команда жақында ғана қосылды. Әлі толық бабында емес. Бұл қорғаушы бірнеше амплуада ойнай алады. Шитов бізге көмектесетіні анық.

- Егерде «Астана» Еуропа лигасының топтық кезеңіне шыға алмаса, команда үшін бұл трагедия болады ма?

- Футболда бәрі мүмкін. 2014-ші жылы мен «Астананың» тізгінін ұстағанда маған Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңінен өту мақсатын қойды. Біз плей-офф кезеңіне дейін жеттік. Бір жыл өткен соң Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде ойнадық. Енді міне Еуропа лигасының топтық кезеңіне шығуға жақынбыз. Қазақ футболы үшін бұл үлкен жетістік. Әрине, ұтылсақ біз үшін бұл трагедия болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или