«Астана» топтық кезеңге өтсе, 2,4 млн еуро сыйақы алады

Бүгін «Астана» белорусьтік БАТЭ-ге қарсы Еуропа лигасының қарымта матчын өткізеді.

Қазақстандық ұжым топтық кезеңге өтіп жатса, 2,4 млн еуро сыйақы алады. Ал топтық кезеңде әр жеңіс үшін 360 мың, ал тең есеп үшін 120 мың еуро беріледі. Топта бірінші орын алған команда қосымша 500 мың еуро еншілесе, екінші орындағы команда - 250 мың.

1/16 финалға шыққан командалардың бәріне жартылай миллион сыйақы беріледі.

1/8 финалға - 750 мың;

Ширек финалға - 1 млн;

Жартылай финалға - 1,5 млн еуро;

Ал Еуропа лигасын жеңіп алған ұжымға 6,5 млн берілсе, финалда жеңіліп қалған команда 3,5 млн еуро алады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или