Анатолий Тимощук: «Украина мен Ресейден бірқатар ұсыныстар түсті»

Анатолий Тимощук: «Украина мен Ресейден бірқатар ұсыныстар түсті»

«Қайраттың» жартылай қорғаушысы Prosportkz.kz тілшісіне берген сұхбатында «Ақтөбеге» қарсы ойын мен ортаңғы шептегі әріптесі туралы айтып берді, құрамада мансабын аяқтау шешімін қалай қабылдағанын мәлім етті, сондай-ақ, футболдағы болашағымен бөлісті.

- Анатолий, «Ақтөбемен» матчта бірінші және екінші таймдар неліктен екі түрлі болды?

- Бірінші таймда қарсылас қауіпті ештеңе ұйымдастырған жоқ, бір ғана мүмкіндігі болған, соны пайдалана алды. Ал екінші таймда олар қауіптірек шабуылдай бастады. Ал біз бірден басымдықты қолға алдық, бірақ жігерлілік жетіспеді, нәтижесінде гол жіберіп алдық. Ал үзілістен кейін жігерлілік пен жылдамдықты қатар қостық, бұл «Ақтөбенің» жағдайын қиындатып тастады, үш гол соғып, әділетті жеңіске қол жеткіздік.

- «Ақтөбемен» матчта алаң ортасында сіздің әріптесіңіз Михаил Бакаев емес, Исламбек Қуат болды. Мұндай өзгерісте өзіңізді қалай сезіндіңіз?

- Бұл бапкердің шешімі, сондықтан осындай құрам таңдалды. Әрине, Мишамен бір-бірімізді жақсы түсеніміз, маған онымен ойнау қолайлырақ. Бірақ оның жарақатын да ұмытпау керек, егер футболшы 100%-ға дайын болмаса, бапкерлер өзгеріс жасайды. Ең алдымен, біз бір ұжым болып қозғалуымыз керек, футболда осы маңызды. Егер әрқайсысы жеке ойнайтын болса, қолымыздан ештеңе келмес еді. Бір маусымда матч өте көп және әр ойыншының дайын болуы үлкен маңызға ие, алаңға шыққан ойыншы өз командасына жақсы нәтижеге қол жеткізуі үшін көмектесуі керек.

- Бірнеше күн бұрын ұлттық құрамада мансабыңызды аяқтайтыныңыз туралы хабарладыңыз. Мұндай шешімді қабылдау қаншалықты қиын?

- Қатты қиын емес, мен бұл шешімді ЕУРО-2016 кезінде қабылдап қойғанмын, бұл туралы Украина құрамасының қазіргі бас бапкері Андрей Шевченко білді. Бәрінің өз уақыты бар. Әрине, құрамада 16 жыл болдым және бүкіл өмірім үшін жақсы сәттер сақталды. Бірақ жақсы нәрсенің бәрі бір күні аяқталады ғой, енді жаңа кезең басталады, клубтағы ойыныма көбірек көңіл бөліп, чемпионаттың ақтық кезеңіне дайындала аламын.

- Қалай ойлайсыз, Анатолий Тимощуксіз Украина құрамасын не күтіп тұр?

- Мен шын жүректен жігіттер мен бас бапкерге қолдау көрсетемін, енді қалай боларын көре жатармыз. Жақсы команда бар, бірақ Еуропа чемпионатында көрсеткен ойынмен салыстырып, өзгерістер енгізу қажет. Қазір оңай матчтар жоқ, қиын топта ойнаймыз, дегенмен 2018 жылғы әлем чемпионатына өтуді мақсат қылу керек. Сол үшін бар күштерін салу қажет. Бір жаманы, қазір Украина чемпионаты қиын жағдайда тұр, қаржылық тұрғыда да, футбол деңгейі де солай. Көптеген футболшылар шетелдік чемпионаттарға ауысып кетті, өз клубтарында жиі ойнаймай жатады, әрине, бұл құрама үшін жаман нәтиже. Бірақ бапкерлік штаб бар, бас бапкерге көмектесетін адамдар бар, олар осы жағдайдан қалай шығуға болатынын табады деп ойлаймын.

- Болашаққа көз жүгіртсек, Андрей Шевченко сізді бапкерлік штабқа шақырса, келісесіз бе?

- Маған Украина мен Ресейден бірқатар ұсыныстар түсті, қызметтері әр түрлі, бірақ біреу ұсыныс жасап жатса, «Қайратпен» чемпионатты аяқтауым керектігін айтамын. Кейін ғана футболдағы мансабымды жалғастыру бойынша ұсыныстарды қарастыруға дайынмын.

- Яғни, сіздің «Қайратта» қалуыңыз да мүмкін ғой?

- Менің футбол ойнағым келеді, ойыннан, жаттығу үрдісінен ләззат аламын. Бұл қашанға дейін жалғасатынын білмеймін, бірақ көңілім көтеріңкі. Өздеріңіз білетін шығарсыздар, мен А бапкерлік лицензиясына емтихан тапсырдым, қазір PRO лицензиясын оқып жатырмын. Сондықтан мансабымды аяқтаған соң, білікті маман боламын деп үміттенемін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или