Румыния құрамасының қорғаушысы «Астанаға» ауысуы мүмкін

Футболдан Румыния құрамасы мен бухаресттік «Динамоның» 22-жастағы қорғаушысы Стилиано Филип 2017-ші жылдан бастап «Астананың» намысын қорғауы ықтимал.

Бейресми ақпаратқа сүйенсек, 22-жастағы футболшы елордалық клубпен ауызша келісімге келді.

Айта кетер жайт, Стилиано Филиптің «Динамомен» келісімі осы жылдың аяғында аяқталады. Яғни «Астанаға» румыниялық футболшы еркін агент ретінде ауысуы мүмкін.

Стилиано Филип Румыния сабында бес кездесу өткізді. Сондай-ақ, Францияда өткен Еуропа чемпионатына қатысты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или