«Қайрат» өз алаңында «Ақтөбені» жеңді
<p style="text-align: justify;">
<strong>Қазақстан чемпионатының 24-турында «Қайрат» өз алаңында «Ақтөбені» қабылдап, 3:1 есебімен жеңіске жетті.</strong></p>
<p style="text-align: justify;">
Алматылықтар ойынды белсенді бастаған еді. Қауіпті шабуылар ұйымдастырып, қарсылас қақпасынан саңылау іздеді. Бірақ ойынның 31-минутында Какаимовтан пас алған Щеткин, Плотников қақпасына гол соқты. Есеп - 0:1. Алаң иелері бірден есепті теңестіруге көшкен, алайда бірінші таймның соңына дейін Отарбаев қорғаған қақпаға доп ене қоймады. </p>
<p style="text-align: justify;">
Екінші тайм басталысымен алаң иелері үлкен күшпен шабуылға көшті. Бірақ қорғаушылар қақпа алдында шабуылшыларды ойқастата қоймады. 48-минутта ақтөбеліктер қақпа алдында қолмен ойнап, өз қақпаларына пенальти қойғызып алды. Исламхан Отарбаевқа мүмкіндік қалдырмай, есепті теңестіріп кетті. 62-минутта Гафуржан Сүйімбаев қақпадан қайтқан соққыны қайта теуіп, командасын есепте алға шығарды. Арада төрт минут өтер-өтпестен Жерар Гоу есептегі басымдықты ұлғайтты. Қорғаушыа тиіп, кейін серпілген допқа бірінші жетіп, қақпаға бағыттады. Қорытынды есеп - 3:1. «Қайрат» үш ұпайды қанжығаға байлады. </p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или