Станимир Стойлов: «БАТЭ «Селтикке» ұқсас команда»

Станимир Стойлов: «БАТЭ «Селтикке» ұқсас команда»

«Астананың» бас бапкері Станимир Стойлов БАТЭ-ге қарсы кездесу жайлы айтып берді.

— Бізді өте тартысты кездесу күтіп тұр. БАТЭ – тәжірибелі команда. Олар жыл сайын еурокубоктарда өнер көрсетеді. Біздің де команда соңғы екі жылда Еуропада жақсы нәтижеге қол жеткізді. Қай команда жинақы ойнайды, сол келесі кезеңге өтеді. Егерде біз бар күшімізді салсақ, онда топтық кезеңге шығуымыз әбден мүмкін. Ең бастысы – өз алаңымызда гол жібермеу.

— БАТЭ-ге қарсы бірінші ойынға Шомко мен Шитов қатыспайды. Демек, ертең Энгельді алаңнан көріп қалуымыз мүмкін бе?

— Біздің қорғаушылар алаңнан қуылғанда өте наразы болдым. Энгель жайлы айтатын болсақ, ол ертеңгі ойынға қатыспайды. Тізімге енгізе алмадық. Құжаттары дұрыс болмады. Энгельдің универсалды қорғаушы екенін білеміз. Ертеңгі матчта бізге көмектесер еді.

— Беларусьтік клубты «Астананың» бұрынғы қарсыластарының қайсысымен салыстыруға болады?

— БАТЭ «Селтикке» ұқсас команда. «Жальгиристен» мықты.

— Таңат Нөсербаевтің жағдайы қалай?

— Жаттығуларға кірісті. Ертең жалпы топқа қосылады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или