Марин Аничич Босния құрамасына шақыртылды

«Астана» футбол клубының қорғаушысы Марин Аничич Босния құрамасына шақырту алды.

Бұл туралы елордалық клубтың ресми сайты жазады.

Естеріңізге сала кетсек, Босния құрамасы 2018-ші жылы Ресейде өтетін әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында қыркүйектің 6-ы Эстониямен кездеседі. Сондай-ақ, топтық кезеңде босниялықтар Бельгия, Кипр, Грекия және Гибралтармен күш сынасады.

Айта кетер жайт, Аничич осы жылдың наурыз айында Люксембургке қарсы кездесуде Ұлттық құрама сабындағы алғашқы ойынын өткізген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или