«Ақтөбе» мен «Ордабасы» өзара сегіз гол тоғытты

Футболдан ел чемпионатының 23-турында «Ақтөбе» өз алаңында «Ордабасыны» қабылдады.

Матчта жанкүйерлер сегіз гол көре алды. Ойынның есебін 15-минутта Отар Марцваладзе ашқан. Бірақ бірінші тайм аяқталар тұста Алексей Щеткин мен Асланбек Кәкімов ақтөбеліктерді есепте алға шығарды.

Шымкенттіктер екінші таймды да сәтті бастады. 57 және 77-минуттарда бас төреші «Ақтөбе» қақпасына пенальти белгіледі. Екі сәтте де нүктеге келген Александр Гейнрих мүлт кетпеді. Ордабасы алда. Бірақ 84-минутта Виктор Крюков оң қанаттан айып алаңына еніп, жақын бұрышты дәл көздеді. Араға төрт минут салып, Щеткин дубль авторы атанды да, «Ақтөбені» алға шығарды. «Ордабасы» ойыншылары да соңына дейін күресіп бақты. Нәтижесінде ойынның ең соңғы секундтары өтіп жатқанда Гейнрих хет-трик авторы атанып, есепті 4:4 қылды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или