Андрей Аршавин: «ТМД елдерін қосып, бір лига ашу қажет»

Андрей Аршавин: «ТМД елдерін қосып, бір лига ашу қажет»

Жартылай қорғаушы Андрей Аршавин ProsportKz.kz сайтына берген сұхбатында «халық командасына» трансфері, Александр Бородюктің кету себебі туралы айтып, қазақстандық клубтардың ресейлік футболға біріктіру ниеті жайлы өз ойын білдіріп қана қоймай, допингтік жанжалдар туралы пікірін айтты.

ProsportKz.kz сайтына берген сұхбатының екінші бөлімінде Андрей Аршавин ТМД-ның біріктірілген чемпионатын ашқысы келетінін айтып, ҚПЛ чемпиондығы жолында басты бәсекелесі «Астанының» ойынына сараптама жасады, сондай-ақ, жұмыс жасайтын бапкерлерімен қалай қарым-қатынас орнататыны жайында айтты.

- Сіздің айтуыңызша, қазақстандық қарсыластардың ішінде футбол ойнайтын бір ғана команда бар, ол -  «Оқжептес». Мұндай пікірге қалай келгеніңізді айтып өте аласыз ба?

- Команда көбірек допқа иелік етті, ойында көп басымдық жасады. Біз жылдам қос гол соғып, жолымызды болды, сөйтіп олар шашыраңқы ойнай бастады. Ойыншылар дұрыс орын ауыстырып, әрқайсысы өз тәсілін біліп жүрді, ойын көрінісі болды. Айтпақшы, осында Алматыда ойнаған кезде маған «Тобыл» ұнады.

- Тіпті, «Астана» да футбол ойнайды деп айтуға келмей ме?

- Менің ойымша, «Астанада» шабуыл шебінде қиыншылықтар бар. Оларда алдыңғы шепте кімнің ойнайтынына байланысты емес. Олардың қорғанысы мықты, бірақ гол соғу қиын екенін түсінемін. Шомко мен Постников қапталдан пас асырады. Твумаси қарсыласын алдай алса, пас әуелетеді. Стандарттарды да жақсы орындайды. Бұл олардың басты сапасы. Бірақ біз жеңіске жеткен екінші ойында олар сәл басымырақ болған. Дегенмен де, оларда алдыңғы шепте қиындық бар.

- Еуропа чемпионатында көргеніміздей, соңғы үрдістерге сүйенсек, допқа иелік ететін команда жеңіске жете бермейді. Бұл жыл сайын анық байқалып келеді.

- Олай демес едім. Италия құрамасы өз катеначчосымен басым болған сәттер көп. Осы Еуропа чемпионатына дейін Германия мен Испания құрамалары жеңіске жетті. Бұл екі команда да шабуылдаушы футболын қолданады. «Барселона» да, Испания да допқа иелік етудің жеңіске жету екенін дәлелдеді. Футбол өмірінің әр аралығында қандай да бір үрдіс болатыны анық. Кейде шабуылдаушы футбол жеңіске жетсе, бірде қорғаныста ойнағандар басым болады. Бәрі де құрам мен ойыншылардың жасақталуына байланысты. Бізде алдыңғы шепте орындаушылар мықты. Меніңше, жаңа қожайын келгелі «Қайрат» әрқашан шабуылдаушы футбол көрсетіп жүр, кеңес кезінде де, қазір де «Қайрат» өз алаңында қызықты футбол көрсететін.

- Қазақстан чемпионатында қарсы ойнап жүрген футболшылардың аты-жөнін атап отырсыз. Оларды есіңізде жақсы сақтағаныңыз көрініп тұр. Бұл оларға деген құрметіңізді білдіре ме?

- Қазақстандық футболда 11 адамнан 12-ақ команда бар. Оларды есте сақтау қиын емес.

- Біз жиі Қазақстанды Ресеймен салыстырып жатамыз. Сіздің ойыңызша, қазақстандық футболдың ресейліктердің деңгейіне шығу үшін қанша уақыт керек?

- Менің ойымша, көп уақыт керек. Тіпті болмаса, ресейлік футболмен бірігіп кету қажет. Менің идеям - Украинамен, бұрынғы кеңес республикаларымен бірге лига ашу. Менің ойымша, футбол тұрғысында бұл идея тамаша болар еді. Себебі бәрінің де Чемпиондар лигасында ойнағысы келеді. Ал егер бірігіп жатса, бұл ешкімге қызық болмайды.

- Мынадай ғажайып сұрақ туындайды. Ресей, Украина, Белорусь, Қазақстан, Армениядан неше команда бар? Бұл қалай болады сонда...

- Менің ойымша, әр республика қаржысына қарап, бір командадан шығарса. Қазақстаннан екі команда шығаруға болады. Себебі «Астана» мен «Қайратта» ақша бар, жақсы футболшыларды да сатып ала алады. Ресей мен Украинадан 6 немесе 7 команда. Кейбіріне, тіпті, екінші дивизионнан бастауға тура келеді, Латвия мен Литваға, мысалы. Қорқынышты ештеңе жоқ.

- Жоғары дивизионда 20 команда, шамамен, осылай ғой?

- Бұл ғажайып болар еді. «Қайраттың» «Зенитпен» немесе «Шахтермен», не болмаса «Араратпен» матчын көз алдыңызға елестетіңізші? Мұнда үлкен мейрам және толы стадион болар еді. Бәрі басқаша көрінер еді. Келісесіз бе?

- Бірақ Қазақстанда футбол ойнай алатын жалғыз команда сонда не істемек? Мен «Оқжетпес» туралы айтып отырмын.

- Не істейді дейсіз бе? Егер бұл команданың ойыншылары лайықты болса, украиналық немесе ресейлік командаларға ауысады. Егер оларға ауыса алмаса, екінші лигада ойнайды. Айтып тұрмын ғой, футбол тұрғысында бұл қызық қой, бірақ оны жасау өте қиын.

- Сіздің байланысыңыз бен таныстығыңызға сеніп, мұндай турнирдің өтетініне үміттене аламыз ба? Тым болмаса, маусым арасында жолдастық жарыс болса?

- Бәрі маған байланысты емес деп ойлаймын. Ешқандай байланысым мен мүмкіндігім жоқ. Егер сол күн туып жатса, бәрі орнымен болады.

- Prosportkz.kz статистикалық мәліметтеріне сүйене отырып есептегенім бойынша, сіз басқа клубтарыңызға қарағанда «Қайратта» гол соғу үшін бір минуттан аз уақыт жібересіз. Бұл сіздің бүгінгі таңдағы физикалық дайындығыңызға байланысты ма, әлде Қазақстанда гол соғу оңай ма?

- Гол соғу оңай деп ойлаймын. Мен үздік екі команданың біреуінде ойнаймын. Біз көп гол соғамыз. Менде мүмкіндіктер көп бола бермейді. Өзімде болған мүмкіндіктердің 75%-ын пайдаландым.

- Бірінші және екінші алтылық командаларының айырмашылығы қандай? Командалардың деңгейінде алшақтық бар ма?

- Біз он екінші командадан ұтылып қалғанбыз, сол кезде ол өз мүмкіндіктерінің 66 немесе 75 пайызын пайдалана алды. Алты мүмкіндіктің төртеуінде гол соқты. Барлық жерде алаңдар жақсы болса, «Қайрат» ешкімнен ұтылмас еді. Тіпті, Астанада, шыны керек, алаң өте нашар, себебі ол жақ та кедір-бұдыр болып жатыр. Сөйтіп, ойын жайдақталады. Әлсіз командаға жол ашылады. Әлсіздердің басымдығы қандай? Олар бізге стандарттан гол соға алады немесе кездейсоқ кіріп кетеді. Сондықтан олардың мүмкіндігі көбейеді. Өз алаңымызда ойнағанда, тек өз қателіктерімізден соң ғана гол жібереміз. Қалған жағдайда, бәріне де көп гол соғамыз.

- Чемпиондар лигасында «Арсенал» - «АЗ» матчынан кейін Арсен Венгер сіздің шеберлік деңгейіңізді жоғары бағалады. Қай бапкердің айтқан сөзі сізге үлкен әсер сыйлады?

- Бапкерлермен қарым-қатынас құрарда олардың сүйікті ойыншысы болмауға тырысамын. Қандай да бір тәртіп болуы керек. Маған бапкерлердің айтқан сөздері қазір есімі түсіп тұрған жоқ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или