«Реал Мадрид» - УЕФА Суперкубогының иегері

Кеше УЕФА Суперкубогында мадридтік «Реал» құрамында негізгі ойыншылары болмаса да, «Севильядан» басым түсті.

Норвегиялық Тронхеймдегі «Леркендал» стадионында өткен матч 3:2 есебімен аяқталды. Матчтың 21-минутында Марко Асенсио алыстан жойқын соққы жасап, есепте мадридтіктерді алға шығарды. Бірақ тайм аяқталар түста Франко Васкес таразы басын теңестіре алды.

72-минутта төреші «Реал» қақпасына пенальти белгілеп, нүктеге келген Евгений Коноплянка «Севильяны» алға шығарды. Негізгі уақыт аяқталып, төреші қосқан қосымша уақытта Серхио Рамос баспен дәл соққы жасап, ойынды овертаймға ауыстырды.

Мадридтік команда 119-минутта Даниэль Карвахальдің голы арқасында УЕФА Суперкубогын иеленді. Қорытынды есеп - 3:2.

Айта кетейік, бұл матчта «Реал» сабында Криштиану Роналду, Гарет Бэйл және қақпашы Кейлор Навас ойнаған жоқ. Карим Бензема мен Лука Модрич ойынға екінші таймда араласты.

Реал - Севилья 3:2 (1:1, 1:1, 1:0)

Голдар: Асенсио 21, Серхио Рамос 90+3, Карвахаль 119 - Васкес 41, Коноплянка 72 пен

Ескертулер: Карвахаль 84, Асенсио 86 - Витоло 39, Колодзейчак 90, Родригес 93

Алаңнан қуылды: Колодзейчак 93

Реал: Касилья, Карвахаль, Варан, Серхио Рамос, Марселу, Каземиру, Ковачич (Родригес 73), Иско (Модрич 66), Васкес, Мората (Бензема 62), Асенсио

Севилья: Рико, Кийотаке, Пареха, Каррису (Рами 51), Колодзейчак, Васкес, Иборра (Краневиттер 74), Н`Зонзи, Мариану, Вьетто (Коноплянка 67), Витоло

9 тамыз. Тронхейм. «Леркендал»

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или