Қазақстандық теннисші Анна Данилина қытайлық Чжан Шуаймен бірге Индиан-Уэллстегі (АҚШ) турнирдің жұптық сынында сәтсіз өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші айналымда Данилина мен Шуай Мию Като (Жапония)/Алдила Сутяди (Индонезия) жұбымен кездесіп, олардан 5:7, 6:2, 1:10 есебімен жеңіліп қалды.

Осылайша, Анна Данилина мен оның жұбы турнирдегі өнерін аяқтады.