Қазақстандық теннисші, әлемнің 276-ракеткасы Дмитрий Попко Ресифе (Бразилия) ITF турнирінің финалына шықты.

Жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші жартылай финалда дүниежүзілік рейтингіде 392-орындағы бразилиялық Матеуш Алвешке қарсы келді.

Бірінші партияда Д. Попко 6:4 есебімен басым түсті. Екіншісінде М.Алвеш дәл сондай есеппен есе қайырды.

Шешуші, үшінші сетте Д. Попко мүлтіксіз ойнады — 6:1.