Ресифиде өтіп жатқан ITF турнирінде қазақстандық Дмитрий Попко бразилиялық Дутра Да Сильвамен жұптасып жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ақтық ойында теннисшілер бразилиялық Луис Бритто мен Сараива Дос Сантосты екі сетте 6:3, 6:4 есебімен ұтты.

10 наурызда Попко жекелей сында шешуші кездесуде Қазақстан өкілі аргентиналық Хуан Пабло Фиковичпен кездеседі.