Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 44-ракеткасы Анна Данилина Индиан-Уэллс WTA 1000 турнирінде жарыс жолынан шығып қалды.

Қазақстандық теннисші қытайлық Чжан Шуаймен бірге бастапқы матчын жапониялық Мию Като – индонезиялық Алдила Сутджиадимен өткізді.

Бірінші партияда жапониялық-индонезиялық дуэт 7:5 есебімен басым түссе, екіншісінде А.Данилина Ч.Шуай есе қайырды – 6:2.

Супер тай-брейкте Като – Сутджиади бет қаратпады – 10:1.