Ақмола облысының экс-әкімі Ермек Маржықпаев туризм және спорт министрі атанды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ермек Боранбайұлы Маржықпаев Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі болып тағайындалсын, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылсын», - делінген Президент жарлығында.

Маржықпаев Ермек Боранбайұлы, 1969 жылы туған, Целиноград қаласының тумасы. С.Сейфуллин атындағы Ақмола мемлекеттiк педагогикалық институтын (тарих мұғалiмi), «Тұран» университетiн (заңгер), Көкшетау университетiн (қаржы бакалавры) бiтiрген.

Еңбек жолын 1991 жылы Астана қ. № 29 ОМ дене шынықтыру мұғалiмi, бокстан жаттықтырушы болып бастады.