Ресей ITF Азия таэквондо федерациясына қабылданды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ресей таэквондо ITF федерациясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, мұндай шешім ITF халықаралық таэквондо федерациясының конгресінде қабылданған.

Осылайша, Ресей құрамасы Азия жарыстарына қатысуға мүмкіндік алды. 2024 жылдың тамыз айында Үндістанда Азия чемпионаты өтеді.

Сондай-ақ конгрессте ресейлік Юрий Калашников ITF халықаралық таэквондо федерациясының вице-президенті болып сайланды.

Таэквондо ITF олимпиадалық спорт түрі емес.