Л.Н. Гумилев атындағы университеттің Әлеуметтік ғылымдар факультетінің екінші курс студенті Нинель Аблаева пауэрлифтингтен жасөспірімдер арасында өткен әлем чемпионатында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық қыз 57 келі салмақта өнер көрсетіп, халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағын қорғады. Ол үш жаттығуда 400 келі салмақты көтерді.

Өткен жылы Нинель Аблаева пауэрлифтингтен өткен чемпионатта екі алтын медаль жеңіп алды. Сондай-ақ ол Қазақстанның жүлдегері, әлемнің күміс жүлдегері және Азия чемпионы атанды, оның спорт шебері, сонымен қатар қоян-қолтық ұрыстан спорт шеберіне кандидат атақтары бар.

Румынияда пауэрлифтингтен әлем чемпионаты өтіп жатыр. Оған 14 пен 23 жас аралығындағы спортшылар қатысуда.