Алматыда өтіп жатқан армрестлингтен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы тағы 23 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алматыда армрестлингтен 44-ші әлем чемпионаты жалғасуда. Жарыстың келесі күнінде жерлестеріміз ересектер арасында 8 алтын, 12 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды.

Айта кетейік, жарысқа 52 елден 1000-нан астам спортшы қатысуда. Ел намысын 256 спортшы қорғауда. Жарыс ертең аяқталады