Ресейдің еркін күрестен еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Қарағанды тумасы Маирбек Юсупов бүгінгі таңда Қытай құрамасымен Бакуде оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр.

Бұған дейін Маирбек Юсупов бес жыл бойы Қазақстан ұлттық құрамасы бапкер-кеңесші қызметін атқарған. Wrestdag басылымына берген сұхбатында Қытайдағы жұмысы жайлы айтып берді.

- Келісімшартқа жыл басында қол қойған едіңіздер, бірақ жұмысқа енді кірістіңіз. Бұған не себеп?

- Жағдай солай болды, екі тараптың оны түзеуге шамасы келмеді. Қазақстандағы жұмысымнан кеткен соң бірден ұсыныс түсті. Құжаттарымды реттеген соң Қытайға жолға аттанамын деген едім. Бірақ Қытай мен Ресей арасындағы әуе қатынасы тоқтап қалды. Кейін Қытайда коронавируспен ауырғандар саны күрт өсті. Барған күннің өзінде 21 күн карантинде болуым керек еді. Сондықтан Қытай құрамасы Еуропаға келгенде кездесу ең оңтайлы шешім деп түйдік.