Қазақстандық еркін күрес балуандары Түркияда өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында үш медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Рахат Қалжан (57 келі), Адлан Асқаров (65 келі) және Мамед Ибрагимов (97 келі) Исламиаданың қола жүлдегері атанды.