Қазақстан Күрес федерациясының бұрынғы президенті Ерлан Қожасбай 17 жасқа дейінгі еркін күрестен әлем чемпиондарын марапаттады, деп хабарлайды Prosports.kz .

Бұл туралы Қазақстан күрес федерациясы Instagram желісіндегі парақшасында хабарлады.

«Ерлан Сәдуақасұлы Қожасбай өз атынан Дарын Әскербек пен Камиль Құруғлиевке ақшалай сыйлық береді. Әр чемпионға 1 000 000 теңге беріледі», - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Римде өткен грек-рим, еркін және әйелдер күресінен 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында еркін күрестен Дарын Әскербек (55 келі) пен Камиль Куруглиев (92 келі) әлем чемпионы атанды.

Еркін күрестен жастар арасындағы әлем чемпионатында соңғы рет 2013 жылы Дархан Қалкенов жеңімпаз атанды.