Италияда өтіп жатқан еркін күрестен 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық балуан Дарын Әскербек алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

55 келіге дейінгі салмақта белдескен жерлесіміз финалда АҚШ балуаны 11:10 есебімен жеңді.

Осылайша, жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Әскербек «алтын» алса, АҚШ балуаны турнирдің күміс жүлдегері атанды, қола медаль Үндістан өкіліне бұйырды.