Еркін күрестен Римде өтіп жатқан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Камиль Куруглиев Қазақстан құрамасына екінші алтын медаль әкелді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Камил 92 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті. Ол финалға шығу үшін түркиялық Ибрагим Бенеклиді (7:0), үндістандық Сахил Джагланды (5:3) және америкалық Максвелл Макэнеллиді (12:2) жеңген болатын. Алтын медаль үшін белдесуде Куруглиев венгриялық Муса Арсункаевты 11:0 есебімен жеңді.

Еске салайық, бұған дейін 55 келіге дейінгі салмақта алтын медальді қазақстандық Дарын Әскербек жеңіп алған болатын.

Фото instagram.com/kazakhstan__wrestling