Бразилияның Кашиас-ду-Сул қаласында өткен XХІV жазғы Сурдлимпиада ойындарына Ұлттық құрама сапында Жамбыл облысынан 13 спортшы қатысқан болатын. Олар ел қоржынын 11 медальмен толықтырды. Аймақ басшысы Нұржан Нұржігітов жүлдегерлермен кездесіп, пәтер сертификаттарын табыстады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Еркін күрестен 2-орын иеленген Ғабит Есжанов пен Ғасыр Тұрғынбайға, және дзюдодан 2-орынды жеңіп алған Анна Крамороваға 2 бөлмелі пәтердің сертификаты берілді. Ал, таэквондодан 3-орын иеленген Олжас Рысжановқа, грек-рим күресінен 3-орын алған Асан Нұржанға, дзюдодан 3-орын алған Фериде Кара оглыға 1 бөлмелі пәтердің сертификаты тапсырылды.

Сондай-ақ, дзюдо, грек-рим, еркін күрестерінен және жеңіл атлетика мен жүзуден түрлі орындардан көрінген спортшылар Айдос Түгелбаев, Эвелина Егембердиева, Абзал Досжанов, Шыңғысхан Әлдибаев, Яна Сибирякова, Руслан Раимбеков, Софья Закутнаяға естелік сыйлықтар берілді.