Ақмолалық спортшылар халықаралық турнирде күміс және қола медаль алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Махаббат Большинаның айтуынша, Бұхара қаласында (Өзбекстан) жасөспірімдер арасындағы қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионаты аяқталды. Әлемнің 20 елінен 250-ден астам спортшы қатысты.

Қазақстан құрамасы сапында Ақмола облысының спортшылары, «Zhas_dinamo_team» жекпе-жек клубының мүшелері өнер көрсетті.

70 келі салмақта Даяна Амантаева (18-21 жас) күміс жүлдегер атанды. Ал Рубен Калинин (16-17 жас) 73 келі салмақта үшінші орынға ие боды.