Алматыда спорттық гимнастикадан Қазақстан чемпионаты басталды.

Ел біріншілігі биылғы Азия чемпионатына іріктеу додасы болып табылады. Отандық атлеттер 28 мамырға дейін өзара мықтыны анықтайды.

Айта кетерлігі, биыл Азия чемпионаты Катар астанасы Дохада өтеді. Құрлықтық біріншілік 12-19 маусымға жоспарланған.