Қазақстан құрамасы 27 қаңтар күні 2022 жылғы Қытай астанасы Бейжің қаласында өтетін XXIV Қысқы Олимпиада ойындарына аттанады.

Қазіргі таңда қазақстандық атлеттер жабық карантин аймақтарында орналасқан. Команданың негізгі бөлігі Нұр-Сұлтан мен Алматы арқылы чартерлік рейспен Қытайға ұшады.

Ал шетелдерде оқу-жаттығу жиында жүрген спортшылар жеке график бойынша Бейжіңге сол өздері тұрған елден төте ұшып барады.