Қазақстан құрамасы қысқы Олимпиадаға аттанады
![Қазақстан құрамасы қысқы Олимпиадаға аттанады](https://prosports.kz/upload/news/content//202201/201131_d12c10b3c12bd4db73effb3114f73805.jpg?v=28641652)
Қазақстан құрамасы 27 қаңтар күні 2022 жылғы Қытай астанасы Бейжің қаласында өтетін XXIV Қысқы Олимпиада ойындарына аттанады.
Қазіргі таңда қазақстандық атлеттер жабық карантин аймақтарында орналасқан. Команданың негізгі бөлігі Нұр-Сұлтан мен Алматы арқылы чартерлік рейспен Қытайға ұшады.
Ал шетелдерде оқу-жаттығу жиында жүрген спортшылар жеке график бойынша Бейжіңге сол өздері тұрған елден төте ұшып барады.