Жақында көптен күткен қысқы Олимпиада ойындары өтеді. Бейжің Олимпиадасының ашылу салтанатында Қазақстан спортшыларын шорт-трекші Абзал Әжіғалиев пен конькиші Екатерина Айдова бастап шығады. Салтанатты шеруде құрама арасында бір спортшыны елдің туымен шығару дәстүрі бар. Осыған орай, Тәуелсіз Қазақстан спортшылары қатысқан қысқы Олимпиада ойындарында жалаугер кім болғанын назарларыңызға ұсынамыз.

Тәуелсіз Қазақстан қатысқан алғашқы қысқы Олимпиада ойындарында ел спортшыларын Қайрат Биекенов бастап шықты. 1994 жылы Лиллехаммер Олимпиадасында ту ұстау құрметі трамплиннен секіруден бақ сынаған Қайрат Биекеновке бұйырыпты. Ол 90 метрлік трамплиннен секіруден 49-шы нәтиже көрсетті, ал 120 метрлік трамплиннен секіруде 58-ші болды.