Қазақстан мәдениет және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев Бейжің Олимпиадасынан қанша медаль күтетінін айтты.

- Қазақстан қысқы олимпимададан жалғыз медальмен қайтуды дәстүрге айналдырған. Бұл жолы бір медаль алсақ, бұл жетістік пе әлде сәтсіздік пе?

- Әр Олимпиадаға барған сайын біз медаль алуға үміттенеміз. Бір медаль, екі медаль деп айтсақ та, ол споршыларымыздың жетістігі деп есептеймін. Өйткені олар бар өмірі мен күш-жігерін сарп етеді. Жалпы тәуелсіздік алғаннан бері қысқы олимпиада түрлерінен 8 медальға ие болдық. Оның төртеуін бір ғана адам алған. Сондықтан Олимпиадада қандай медаль алсақ та жетістік деп айтуға болады. Негізінде, қысқы спорт түрлеріне ерекше назар аудару қажет деп есептеймін. Олимпиада аяқталғаннан кейін 25 ақпанда үкімет тарапынан кеңейтілген кеңес өтетін болады. Сол жерде бәрі талқыланады.

Биыл қанша медаль аламыз немесе алмаймыз деп айту қиын. Неге десеңіз, соңғы екі олимпиадамен салыстырғанда біздің спортшыларымыз басқаша деңгейде дайындалды. Өздеріңізге белгілі, соңғы екі жылда пандемия болды. Бірақ спортшыларымыз бар күшін салып, жоғары деңгейде өнер көрсетеді деп ойлаймыз, – деді Серік Жарасбаев.