Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко Киевте (Украина) өтіп жатқан «Челленджер» турнирінен шығып қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Дмитрий ширек финалда түркиялық Эрги Киркинмен кездесу қарсыластың пайдасына 4:6, 0:1 болып тұрғанда, матчты жалғастырудан бас тартты.

Айта кетейік, турнирде тағы бір қазақстандық теннисші Тимофей Скатов италиялық Франко Агаменонемен кездеседі. Ойын 11 қыркүйекте Нұр-Сұлтан уақытымен 15:00-де өтеді.