19 - 26 қыркүйек аралығында еліміздің басты теннис аренасы - Ұлттық теннис орталығында Astana Open ATP 250 турнирі өтеді.Елдің ұлттық құрамасының барлық мүшесі - Александр Бублик, Михаил Кукушкин, Андрей Голубев, Александр Недовесовтер ел астанасында бақ сынайды. Сонымен қатар қатысушылар арасында халықаралық жұлдыздар - Аслан Карацев (Ресей), Бенуа Пер (Франция), Джон Миллмандар (Аустралия) бар.