Қазақстандық теннисші Александр Недовесов бразилиялық Орландо Лужбен бірге Киевтегі «Челленджер» турнирінің жұптық сынында финалға шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Олар чилилік Фернандо Гонсалес бен америкалық Стив Джонсон дуэтімен кездесіп, 6:4; 6;4 есебімен жеңіске жетті.

Матч 1 сағат, 5 минутқа созылды.