Қазақстандық Александр Недовесов жұптық сында Киев челленджер турнирінің финалына шықты.

А.Недовесов пен бразилиялық Орландо Луж жартылай финалда чилилік Фернандо Гонсалес – америкалық Стив Джонсонмен кездесті.

Қазақстандық-бразилиялық жұп 1 сағаттан астам уақытқа созылған бәсекеде 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті.