Қазақстандық теннисшілер US Open турнирінің іріктеу сайысында бақ сынайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, Михаил Кукушкин мен Дмитрий Попконың қарсыластары анықталды.

Әлемнің 129-інші, іріктеу сайыстарының 13-ракеткасы М.Кукушкин дүниежүзілік рейтингіде 193-орындағы франциялық Матиас Буркпен шеберлік байқасады.

Рейтингіде 182-сатыдағы Д.Попко өзінен үш саты жоғары тұрған словениялық Блаж Роламен күш сынасады.

Қазақстандықтар негізгі жарысқа жолдама алуы үшін әрқайсысы үш қарсыласын ұтуы керек.

АҚШ-тағы «Үлкен дулыға» турнирі 30 тамызда басталып, 12 қыркүйекте мәреге жетеді