Қазақстандық теннисші АҚШ-та WTA турнирінің жұптық сынында алғашқы айналымда сүрінді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Галина Воскобоева австралиялық Анастасия Родионовамен бірге Кливлендтегі (АҚШ) WTA турнирінің жұптық сынында бірінші айналымнан аса алмады. Алғашқы матчта спортшылар жапониялық Эна Сибахара мен Сюка Аоямадан жеңіліп қалды - 6:4, 6:3.