Қазақстандық теннисшілер US Open турнирінің іріктеу кезеңіне қатысады
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызҚазақстандық теннисшілер US Open турнирінің іріктеу сайысында бақ сынайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, Михаил Кукушкин мен Дмитрий Попконың қарсыластары анықталды.
Әлемнің 129-інші, іріктеу сайыстарының 13-ракеткасы М.Кукушкин дүниежүзілік рейтингіде 193-орындағы франциялық Матиас Буркпен шеберлік байқасады.
Рейтингіде 182-сатыдағы Д.Попко өзінен үш саты жоғары тұрған словениялық Блаж Роламен күш сынасады.
Қазақстандықтар негізгі жарысқа жолдама алуы үшін әрқайсысы үш қарсыласын ұтуы керек.
АҚШ-тағы «Үлкен дулыға» турнирі 30 тамызда басталып, 12 қыркүйекте мәреге жетеді