Александр Бублик Winston-Salem Open турнирінің 1/8 финалына шыға алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Екінші кезең матчында қазақстандық теннисші Финн Эмиль Руусувуориден екі сетте ұтылды - 2:6, 6:7 (5).

1 сағат 32 минутқа созылған матчта Бублик 11 эйс жасады. Бірақ доп беру кезінде 15 мәрте қателесті.