Грек-рим күресінен украиналық балуан Жан Беленюк (87 келі) Токиодағы Олимпиада ойындарында алтын алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Финалда Беленюк Венгрия өкілі Виктор Лоринецтен 5: 1 есебімен басым түсті.

Денис Максимилиан Кудла (Германия) мен Зураби Датунашвили (Сербия) қола жүлдегер атанды.