Токио Олимпиадасында грек-рим күресінен 87 келіге дейінгі салмақта сынға түсетін балуандар арасында жеребе тартылды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Бұл салмақ дәрежесінде Қазақстан атынан Нұрсұлтан Тұрсынов бақ сынайды.

Нұрсұлтанның алғашқы қарсыласы - германиялық Денис Кудла.

Айта кетелік, бүгін бозкілемге шыққан Демеу Жадыраев (77 келі) бірінші белдесуде жапониялық балуаннан жеңілді. Оған дейін Мейрамбек Айнағұлов пен Эльмира Сыздықова алғашқы кездесуінде қарсыласына есе жіберген еді.

Балуан Демеу Жадыраев алғашқы қарсыласынан жеңілді