Қазақстандық балуан Демеу Жадыраев Токио Олимпиадасының қола медаліне таласу мүмкіндігінен айырылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жадыраев жүлдеге үміттенуі үшін оны 1/8 финалда жеңген жапон Сохэи Ябику финалға шығуы керек еді. Алайда жапон спортшыны ширек финалда сүрінді.

Осылайша, грек-рим балуаны Демеу Жадыраев жұбаныш жекпе-жектеріне шықпайды.

Фото: Жеңіс Ысқабай, olympic.kz