Қытайлық этникалық қазақ Уәлихан Серікұлы Токиода өтіп жатқан Олимпиада ойындарында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Грек-рим күресінен 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Уәлихан қола медаль үшін белдесуде украиналық Ленур Темировті 3:1 есебімен жеңді.

Айта кетейік, бүгін қазақстандық Демеу Жадраев Олимпиада ойындарына қатысты. Ол алғашқы белдесуде жапониялық Сехэй Ябиктен 3:5 есебімен ұтылды.