Қазақстандық грек-рим балуаны Нұрсұлтан Тұрсынов Токиода өтіп жатқан Олимпиадада жүлдеге ілігу мүмкіндігінен айырылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

1/8 финалда отандасымызды ұтқан неміс Денис Кудла ширек финалда венгр спортшысы Виктор Лоринецтен 1: 1 есебімен жеңіліп қалды.

Осылайша, Тұрсынов жұбаныш белдесуінде күресе алмайды және турнирдегі ойынын аяқтады.

Айта кетейік, Нұрсұлтан Тұрсынов 2020 жылы Токиода өтіп жатқан Олимпиада ойындарында 87 келіге дейінгі салмақта Денис Кудладан 4:1 есебімен ұтылды.

Сурет: Тұрар Қазанғапов, olympic.kz