2020 жылғы Токио Олимпиадасының үшінші сайыс күні қазақстандықтар бірнеше спорт түрінен сынға түседі, деп хабарлайды Prosports.kz.

25 шілдеде дзюдошы Ерлан Серікжанов, ауыр атлетикадан Қазақстан ерлер құрамасының жалғыз өкілі Игорь Сон мен семсерлесуші Руслан Құрбанов жарыс жолына шығады. Боксшы Зәкір Сафиуллин де турнирдегі жолын бастайды.

25 шілдедегі сайыстар кестесі

Стенд ату6:00. Скит. Әйелдер. ІріктеуЗоя Кравченко, Әсем Орынбай

Дзюдо8:00. Ерлер, 66 келіге дейінгі салмақЕрлан Серікжанов – Орхан Сафаров (Әзербайжан)

ТеннисБірінші айналым8:00. Юлия Путинцева – Надя Подороска10:00. Михаил Кукушкин - Федерико Кория12:00. Ярослава Шведова – Айла Томлянович

Академиялық есу.9:00. Ширек финал. Ерлер. Жекелей сын.Владислав Яковлев

Семсерлесу9:45. Ерлер. Жекелей сын. 1/16 финалРуслан Құрбанов – Марко Фичера (Италия)

Оқ ату10:00. 10 м пневматикалық винтовка. Ерлер. ІріктеуЮрий Юрков

Есу слаломы10:00. Бірінші мүмкіндік. Ерлер, каноэАлександр Куликов10:50. Бірінші мүмкіндік. Әйелдер, байдаркаЕкатерина Смирнова12:08. Бірінші мүмкіндік. Ерлер, каноэАлександр Куликов12:58. Бірінші мүмкіндік. Әйелдер, байдаркаЕкатерина Смирнова

Үстел теннисі12:30. Екінші кезеңКирилл Герасименко – Любомир Янкарик (Чехия)

Ауыр атлетика12:50. Ерлер, 61 келіге дейін.Игорь Сон

Жүзу16:04. 100 м арқамен жүзу. Әйелдер.Диана Назарова

БоксБірінші кезең. 63 кг16:24 Зәкір Сафиуллин – Леодан Пезо Сабойя (Перу)

Су добыЕрлер. Топтық кезең16:50. Қазақстан – Хорватия

* Нұр-Сұлтан уақыты