Токио Олимпиадасындағы алғашқы жүлде әйелдер арасында 10 м қашықтықта пневматикалық мылтық атудан таратылды, деп жазады Prosports.kz.

Аталған сында қытайлық спортшы Ян Цянь алтын медаль жеңіп алды (251,8 ұпай). «Күміс» ресейлік Анастасия Галашинаға бұйырды (251,1 ұпай), ал қола жүлдені швейцариялық Нина Кристен иеленді (230,6 ұпай).

Қазақстандық спортшылар бұл сында бақ сынаған жоқ.