Токиода өткен Жазғы Олимпиада ойындарында пневматикалық тапаншадан ерлер арасында 10 м оқ атудан жарыс аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бағдарламаның осы түрінен алтын медальді ирандық Джавад Форуги жеңіп алды. Ол жарыста 244,8 ұпайын жинады. Бұл жаңа Олимпиада рекорды. Екінші орынды сербиялық Дамир Микец иеленді (237,9 ұпай), қола медаль қытай спортшысы Пан Вэйге (217,6 ұпай) бұйырды.

2020 жылғы жазғы Олимпиада ойындары. Токио.

Оқ ату. Пневматикалық тапанша. 10 м. Ерлер

  1. Джавад Форуги (Иран) - 244,8 ұпай
  2. Дамир Микец (Сербия) - 237.9
  3. Пан Вэй (Қытай) - 217.6
  4. Павел Коростылев (Украина) - 198.9
  5. Кристиан Рейц (Германия) - 176.6
  6. Чжан Бовен (Қытай) - 158.2